Accessibility links

Колумбия АҚШ-пен арадағы әскери келісімді заңсыз деп тапты


Колумбия соты, Вашингтон мен Богото арасындағы Колумбиядағы әскери базаларды америкалық күштердің пайдалануына рұқсат беретін өзара келісімін заңсыз деп тапты.

АҚШ-қа жеті базаны пайдалануға рұқсат беретін бұл келісімге өткен жылы Колумбияның бұрынғы президенті Альваро Урибе қол қойған.

Бұл келісім Латын Америкасының бірқатар елдерінде наразылық тудырған еді.
XS
SM
MD
LG