Accessibility links

Тәжікстанда жекеменшік жалғыз оқу орны жабылу алдында


Батыс дипломаттары Тәжікстандағы жалғыз жекеменшік жоғарғы оқу орнының тағдырына алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының тәжік қызметі.

Тамыздың 17-сі күні АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Еуропалық Одақ өкілдерінің басшылығы Тәжікстан үкіметіне хат жазды. Дипломаттар хатта тәжік үкіметінің елдегі Инновациялық технологиялар мен коммуникация университетінің лицензиясын кері қайтару жөніндегі үкіметтің шешіміне алаңдаушылығын білдірген.

Елдегі жалғыз жекеменшік университет жұмысының осылайша тоқтатылуының нақты себебі түсініксіз. Бүгін Тәжікстанның білім беру министрі Абдужаббор Рахмонов, лицензияны министрлік емес экономикалық сот кері қайтарғандығын мәлімдеді.

Университет басшысы Садриддин Акрамов, институт министр Абдужаббор Рахмоновтың үстіне сотқа шағымданғандығын айтады. Оның сөзінше, министр білім ордасын билікке қарсы үгіт жүргізушілердің ошағы деп атаған.
XS
SM
MD
LG