Accessibility links

Әділет министрлігі жүйесін реформалау үшін 18 млрд теңге керек


Әділет министрлігі әзірлеп жатқан заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін толықтырулар бюджеттен 18 миллиардтан астам қаржыны қажет етеді, дейді әділет министрі Рашид Түсіпбеков сәрсенбі күні үкіметтегі кеңесте.

«Заң жобасы құқық қорғау қызметінен өтудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен нормаларын белгілеуге бағытталған. Президенттің құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жарлығын ескере отырып әзірленген толықтырулар, құқықтық реттеудің қарама-қайшылықтарын жоюға және құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері зейнеткерлікке шыққанда әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін, жеңілдіктер мен артықшылықтарын сақтауға мүмкіндік береді», - деді әділет министрі.

Министрдің айтуынша, бас прокуратура, қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ұсынған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруды теңестіру бойынша алдын ала есепке сәйкес 2012 жылы 4, 87 миллиард, 2013 жылы 3,705 миллиард, 2014 жылы 3,794 миллиард қажет. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациялауға 6 милиардқа жуық қаражат қажет, деді министр.
XS
SM
MD
LG