Accessibility links

Алматыда «Битлз» фестивалі өтеді


Алматыда тамыздың 30 күні британдық әйгілі «Битлз» тобының 50, топ мүшесі Джон Леннонның 70 жылдық мерейтойына арналған фестиваль өтеді. Онда Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Дэвид Моран қатысып, топ репертуарынан ән орындайды. Бұл туралы бүгін шараның ұйымдастырушысы «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов мәлімдеді..

Қазақстанның конституция күні - тамыздың 30-ы күні Алматыдағы Астана алаңында британдық музыканттардың мерейтойларына арналған фестиваль өтеді. Шараға 30-ға жуық саясаткер, әншілер мен танымал қайраткерлер қатысады.

Фестивальде Елеусізовтың өзі әйгілі топтың «Let it Be» әнін орындамақ. «Шара ешқандай жарнамалық мақсатты көздемейді. Мақсат - әйгілі топтың нағыз әндерін естіп, өткен шақты еске алу. Өйткені аға буын қазіргі жастардың әнін көп түсіне бермейді», дейді Елеусізов. Фестивальдің ертеңіне қала әкімшілігі бөліп берген жерге 70 ағаш отырғызып, Джон Леннонның атындағы аллея ашылмақ.

AzattyqTV

Дүниежүзі қазақтары құрылтайы

Мамашев: "Басымды қатырмашы!"

XS
SM
MD
LG