Accessibility links

Франциядан мыңға жуық сыған көшіріледі


Франциядан тамыз айының аяғына дейін 700 сыған сыртқа шығарылып, олардың заңсыз түрде салып алған баспаналары бұзылады. Франция үкіметі өз елдеріне - Румынияға кетуге келіскен 79 сығанға 300 еуродан (383 доллар) беруге келісті.

Бұл істе Франция үкіметінің іс-қимылын Еурокомиссия бақыламақшы. Комиссия өкілі Мэтью Норманның сөзінше, еуропалық шенеуніктер Франция билігінің бұл істе Еуропа азаматтарының қоныс аудару бостандығына қатысты талаптарды қаншалықты орындайтындығына көз жеткізгісі келеді.

Румыния Францияның әрекеті ксенофобияны қоздырады деп алаңдап отыр.
XS
SM
MD
LG