Accessibility links

Бүгін Дмитрий Медведевтің Арменияға сапары басталады


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Арменияға ресми сапары басталады.

Армян президенті Серж Саргсянмен кездесу барысында Дмитрий Медведев, әскери ынтымақтастық, атом энергетикасы мен экономикалық байланыс мәселелерін талқылайды.

Кездесу барысында Арменияда тұрған ресейлік әскери базаны 2044 жылға дейін қалдыру туралы және армян әскерін ресейлік қару-жарақпен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалады деген мәлімет бар.

Арменияда Медведев Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бейресми кездесуіне қатысады.
XS
SM
MD
LG