Accessibility links

Қырғызстанда Халықтар достығы университеті жабылды


Қырғызстанның Жалал-Абад облысында Халықтар достастығы университеті жабылды, деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз қызметі. Қырғызстанның білім беру министрлігі жоғарғы оқу орнының басшысы - кәсіпкер Кадыржан Батыровтан лицензияны кері қайтарып алған.

Кадыржан Батыров - елдегі өзбек диаспорасы белсенділерінің бірі. Қазір оған қатысты Ош пен Жалал-Абад облыстарындағы этникааралық қақтығыстарды ұйымдастырды деген айып негізінде іздеу салынған.

Халықтар достығы университетінде быр жарым мың студент білім алып келген. Енді олардың бірқатары Қырғыз-Ресей және Медициналық университеттерге ауыстырылады.
XS
SM
MD
LG