Сан-Франциско әуежайында бейсенбіде, тамыздың 19-ы күні лаңкестік әрекет туралы белгісіз біреудің ақпараты салдарынан American Airlines компаниясының Нью-Йоркке ұшқалы тұрған Boeing 767 жолаушылар ұшағы жолдан қалды.
Жергілікті құқыққорғау органдарының хабарлауынша, белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, лайнер бортына бомба қойылғанын хабарлаған. Бұл кезде ұшақта ұшуға дайын отырған жолаушылар қайта түсіріліп, жүктері қайта тексерілген. Куәгерлердің айтуынша, полиция борттағы екі жолаушыны қолдарына кісен салып алып кеткен.
Ұшақ бортында 174 адам, оның 11-і - экипаж мүшелері болған. Барлығы аман-есен.