Accessibility links

Афиныдағы Иран босқындары аштық жариялады


Афиныдағы Иран босқындары аштық жариялады. Олар Грекия үкіметінен өздеріне босқын мәртебесін тездетіп беруін талап етіп отыр.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл наразылық - елдегі босқындарға баспана беру жүйесінің нашар екендігінің көрінісі. Олардың сөзінше, елде бір жылдың ішінде баспана алуға жазылған өтініштердің тек бір пайызы ғана қанағаттандырылады.

Аштық жариялап отырған бес адамның екеуі бір ай бойы нәр татпайтындығын мәлімдеді. Олар осы мәселенің шешімін тоғыз жылдан бері күтіп келеді.
XS
SM
MD
LG