АҚШ-тың ықпалды сенаторы Джон Керри президент Хамид Карзаймен келіссөздер өткізу үшін аяқастынан Ауғанстанға барды.
Вашингтондағы сенатордың кеңсесі хабарлағандай, сенаттың халықаралық байланыстар жөніндегі комитет басшысы Джон Керри Пәкістанға сапарынан кейін АҚШ-қа қайтудың орнына Кабулға жол тартып кеткен.
Керридің өкілі бұл сапардың арнайы себебіне тоқталмай, сенатордың Карзаймен келіссөздерінің екінші сатысы өтеді деген. Тағы бір ақпарат көздері сенатор Керри президент Карзайдың елдегі қауіпсіздік фирмаларының тарауына берген 4 ай мерзіміне қатысты оған қысым жасамақшы деп отыр. Пентагон Карзайдың ол шешімін сынаған.