Accessibility links

Кремль: қару саудагеріне қатысты Таиланд сотының шешімі заңсыз


Бүгін Ресей Таиланд сотының ресейлік қару саудагері Виктор Бутты АҚШ-қа экстрадициялау жөнінде шешіміне қарсы шықты. Ереванда сапармен жүрген Ресей президенті Дмитрий Медведев пен сыртқы істер министрі Сергей Лавров Тайланд сотының шешімін заңсыз деп атап, оны сыртқы қысымның арқасында жасалған саяси шешім деп атады.

Ресей жетекшілері Бутты елге қайтаруды көздейтінін мәлімдеді. Бұрынғы совет әуе күштерінің офицері болған 43 жастағы Бут әлемдегі ірі қару-жарақ саудагелерінің бірі.

Ол Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Африкаға заңсыз қару жеткізіп тұрған деген күдікпен АҚШ-тың сұрауымен 2008 жылы Таиландта ұсталған. Бут өзінің америкалық арандатушылықтың құрбаны болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG