Accessibility links

Теһран жер үсті зымыран сынағының сәтті өткенін айтты


Иран қорғаныс министрі Ахмад Вахиди жұма күні өз елінің жаңадан жер үстінде жасаған зымыран сынағы сәтті өткенін мәлімдеді. Бұл туралы Теһранда жұма намазға жиналғандар алдында айтты. Оның айтуынша, жаңа зымыран «Көтеріліс» деп аталады.

Иранның мемлекеттік телеарнасы жазық даладан ұшырылған зымыран сынағының видеосын көрсеткен. Министр Вахиди бұл сынақтың нақты қашан өткенін айтпады.

Иранның бұл хабарламасы Бушер ядролық электр стансасының ашылуына бір күн қалғанда жария болып отыр.
XS
SM
MD
LG