Accessibility links

ҰҚШҰ Қырғызстанға көмек беруге келісе алмады


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына қатысушы алты мемлекет Қырғызстанға әскери қолдау таныту мәселесінде келісімге келе алмады.

Қазан айында өтетін парламент сайлауының қарсаңында Қырғызстанның осы ұйымнан әскери көмек сұрағаны белгілі. Алайда осы мәселе бойынша Армения астанасында бас қосқан Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей және Тәжікстан елдері басшыларының кездесуі нәтижесіз аяқталды.

Армения президенті Серж Саргсян бұл тақырыптағы кеңесулер әлі жалғасады деп айтты. ҰҚШҰ-ның бейресми саммиті тамыздың 22-де аяқталады.
XS
SM
MD
LG