Accessibility links

Ауғанстанда жұма күні 12 адам қаза тапты


НАТО бастаған халықаралық күштердің хабарлауынша, Ауғанстанда жұма күні болған түрлі оқиғалардан үш бейбіт тұрғын, сегіз талибан бүлікшісі және бір НАТО сарбазы қаза тапты.

НАТО-ның хабарына қарағанда, Фарах провинциясындағы бүлікшілерге қарсы операция кезінде байқаусызда екі бала мен бір әйел қаза тапты.

Жұма күні сонымен қатар НАТО әскері Ауғанстанның оңтүстігіндегі шабуылда мерт болды. Құндыз провинциясында екі бүлікші өлтіріліп, бірнешеуі қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG