Accessibility links

АҚШ: Бушер Иранға уран байыту қажет емес екенін көрсетті


АҚШ-тың айтуынша, Иранның бірінші ядролық стансасына Ресейдің отын құюы Теһранға уран байыту мүмкіндігінің қажет емес екенін байқатты деді.

Мемлекеттік департамент өкілі Дарби Холладэй сонымен қатар Құрама Штаттар Иранның Ресей салып берген Бушер атом электр стансасын бейбіт мақсатта деп қабылдайды әрі Вашингтон бұл жерден қару тарату қаупін көрмей тұр деді.

АҚШ-тың одақтасы Израиль болса, ирандық реакторды ядролық отынмен толтыру мүлде қабылдауға болмайтын әрекет деп, қарсы шығып отыр. Израиль Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, халықаралық қауымдастықты Иранға қарсы қысымды күшейтуге шақырған.
XS
SM
MD
LG