Accessibility links

Қаир мұражайынан жоғалған Ван Гог туындысы әлі табылмады


Мысыр астанасындағы мұражайдан ұрланған суретші Винсент Ван Гог шығармалары әлі табылмаған. Мысырдың ақпарат агенттігі мәдениет министрі Фарук Хоснидің суретті қайтаруға күш салынып жатыр дегенін беріп отыр.

Алдыңғы хабарларда италиялық бір қыз бен жігіт өнер туындысын Мысырдан әкетпек болғанда әуежайдан ұсталды деп айтылған. Суретші Ван Гогтың құны 50 миллион доллар болатын екі шығармасы “Көкнәр гүлі” және “Гүлі бар ваза” деп аталады.

Оларды сенбі күні Қаирдың Махмуд Халил мұражайынан ұрлап әкеткен. Осымен екінші рет дәл осы музейден Ван Гогтың туындылары ұрланып отыр. 1978 жылы да ұрланған суретті кейін Кувейттен тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG