Accessibility links

Қазақстанда авиазауыт құрылысы басталды


Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына арналған «Фермер» ұшағын жасайтын авиазауыттың құрылысы басталды деп хабарлады 23 тамыз күні көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі. 22 тамызда Қарағанды облысында авиазауыт салынатын жерге алғашқы тас қаланыпты.

Бұл жобаның құны - 3,75 миллиарда теңге (25 миллион доллар шамасында). 125 адамды жұмыспен қамтамасыз етуі керек. Құрылыс жұмысы 2011 жылы аяқталады. Зауыт 2012 жылдан бастап жылына «Фермер-2» және «Фермер-500» ұшақтарының 50-ін шығарып тұрмақ.
XS
SM
MD
LG