Accessibility links

Ауғанстан Вашингтонның Пәкістанға байланысты көзқарасын сынады


Ауғанстандағы лауазымды тұлғалардың бірі, ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесші Ранджин Дадфар Спанта «Вашингтон Пәкістанға байланысты көзқарасын қайта қарасын» дейді. Ол Исламабад «әл-Каиданы», басқа да бүлікшілерді қолдады деп айыптап, Пәкістан Құрама Штаттарды алдап жүр деп мәлімдеді.

Ол «Вашингтон пост» газетінде жарияланған үндеуінде Пәкістан полициясы зорлық-зомбылықты қолдайды, сол арқылы АҚШ-тың Ауғанстан соғысына берген көмегіне кедергі келтіреді деп мәлімдеді.

Вашингтон өзіне серік таңдауда стратегиялық қателік жасап отыр дейді Раджин Дадфар Спанта. Пәкістан мен Ауғанстан - біраздан бері бір-бірімен дүрдараз елдер. Исламабад бұрын «Талибанның» басты жақтаушысы болған еді, бірақ 2001 жылы 11 қыркүйектегі шабуылдан кейін Пакистан ол пікірін күрт өзгертіп, АҚШ-қа жақтас екенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG