Accessibility links

Алматыда Әскери соттың төрағасына қастандық жасалды


Алматыда тамыздың 23 күні Қазақстан Әскери сотының төрағасы Серік Байбатыровқа қастандық жасалды. Полицияның хабарлауынша, төрағаға Mitsubishi Pajero автокөлігін мінген белгісіз адам оқ атқан. Кеудесіне оқ тиген Байбатыров ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр.

Полиция, қастандық жасаған адам Байбатыровтың бұрынғы күйеу баласы 39 жастағы Руслан Едресов болуы мүмкін дегенді айтады. Қазір Едресовті іздестіру шаралары қолға алынды, дейді Азаттыққа полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ақпаратқа қарағанда, бұрынғы қайын ата мен күйеу бала арасында кикілжің болған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG