Accessibility links

Филиппин: кепілге алынған жолаушылар өлімі мұқият тексеріледі


Филиппин президенті Бениньо Акино ел астанасы Манилада кепілге алынған жолаушыларды босату операциясының барысы мұқият тексерілетіндігін мәлімдеді. Дүйсенбі күнгі операция кезінде Гонконгтың 8 азаматы қаза болды. Кепілге алынған жолаушылар автобусында барлығы 25 адам болған.

Жолаушыларды кепілге алған Филиппин полициясының бұрынғы қызметкері де мерт болды. Бірқатар тәртіп бұзушылықтың негізінде жұмыстан шығып қалған ол қызметіне қайта алынуын талап еткен еді. Бірақ ол снайпер оғынан мерт болды.

Автобустағы жеті адам дін-аман, біразы жараланған. Бір адамның жағдайы өте ауыр. Келіссөздер барысында тоғыз адам босатылған еді.
XS
SM
MD
LG