Accessibility links

Ақтау ауруханасына безгек диагнозымен үнді азаматы түсті


Ақтау қалалық инфекциялық ауруханасына безгек диагнозымен 39 жастағы Үндістан азаматы түсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Шетелдік азамат ауруханаға Маңғыстау облысы Қарақиян ауданының Құрық ауылынан тамыздың 20-сы күні жеткізілген. 1971 жылы туылған үнді азаматы төрт күннен бері ауруханада жатыр. Онымен байланыста болғандар тексеріліп, басқа науқастар анықталған жоқ, делінген ақпаратта.
XS
SM
MD
LG