Accessibility links

Зардари: су тасқыны зардабын жоюға 3 жыл керек болады


Пәкістан президенті Асиф Али Зардари миллиондаған адамды баспанасыз қалдырған елдегі су тасқыны апатынан ес жиюға 3 немесе одан да көп жыл кетуі мүмкін деді.

Дүйсенбі күні журналистерге берген сұқбатында Зардари сондай-ақ, Пәкістан исламшыл содырлардың бұл дағдарысты пайдаланып көбейіп немесе шабуылдарын ұлғайтпауы үшін қырағы отыруы керек деп ескертті.

Бұл тұста Вашингтонда Халықаралық қаржы қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия бойынша департаментінің директоры пәкістандық жетекшілер су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген аз ғана қаржы көздерін қалай үнемдеп жұмсау керектігін білуі керек болады деді.

Масуд Ахмед бұл пікірін дүйсенбі күні Вашингтонда Пәкістан ресмилерімен Халықаралық валюта қорының кездесуі кезінде айтты.
XS
SM
MD
LG