Accessibility links

Украина тәуелсіздігінің 19 жылдығын тойлап жатыр


Бүгін Украина Совет одағынан бөлініп шыққан тәуелсіздігінің 19 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 24 тамызда Украинаның депутаттары елді тәуелсіз әрі демократиялық мемлекет деп жариялайтын тәуелсіздік қаулысын қабылдаған.

Оған сол кездегі Совет одағының президенті Михаил Горбачевті биліктен құлатпақ болған коммунистердің әрекеті жол ашты. Желтоқсан айында Украина тәуелсіздік референдумын өткізіп, оны халық бірауыздан мақұлдады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Украинаны тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған мәлімдемесінде америкалықтар мен украиндықтар демократиялық құндылықтарды ұстанады деді.

Ол АҚШ демократиялық құрылымдарды күшейтіп, азаматтық қоғамды нығайтып, тұрақтылыққа әкелетін нарықтың ашық болуы жолында Украинамен жұмыс жасай береді деді.
XS
SM
MD
LG