Accessibility links

Пәкістанда әуе соққысынан кемінде 12 адам қаза тапты


Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас тайпалар бақылауындағы аймағында болған әуе соққысынан кемінде 12 адам қаза болды.

Солтүстік Вазиристандағы қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, АҚШ-тың адамсыз ұшағы тастауы мүмкін үш бірдей зымыраннан содырлармен қатар бейбіт тұрғындар да құрбан болған.

Хабарларға қарағанда, зымыран Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ күштеріне шабуылдап келе жатқан Жалалуддин Хакканидің жауынгерлері орналасқан жерді нысанаға алған еді.
XS
SM
MD
LG