Accessibility links

Картер америкалықты босатып алу үшін Пхеньянға барады


Хабарларға қарағанда, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Солтүстік Корея билігі түрмеге жапқан Америка азаматын босатып алу мақсатымен Пхеньянға баруды жоспарлап отыр.

АҚШ-та орналасқан "Foreign Policy" журналының жазуынша, 85 жастағы Картер бұл сапарын алдағы бірер күнге жоспарлап отыр. Ол жеке азамат ретінде баратындықтан, оның жанында АҚШ-тың ресми өкілдері еріп жүрмейді.

Джимми Картер Солтүстік Кореяға сапарында осы коммунистік елге заңсыз кірген деген айыппен сәуір айында сегіз жылға еңбекпен түзеу колониясына жабылған Айджалон Махлиді шығаруға тырысады.

Осыдан бір жыл бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон Солтүстік Кореядан екі журналисті босатып әкеткен болатын.
XS
SM
MD
LG