Accessibility links

Украина президенті Конституцияға өзгеріс жасауға шақырды


Бүгін Украина тәуелсіздігінің 19 жылдығын атап өтіп жатқан тұста ел президенті Виктор Янукович конституцияға өзгеріс енгізуге шақырды. Ол Украина конституциясына толығымен реформа жасап, негізгі реформалардың жүзеге асуын үйлестіріп әрі бақылап отыратын президенттің құзырын күшейту керек деген:

"Мен бүгінде саяси жүйесі тұрақты ел ретінде жаңарған Украинаны көріп тұрмын. Мен оның жаңа формуласын қоғамға ұсынуға дайынмын. Ол елдегі стратегиялық саясат пен негізгі реформалардың орындалуын үйлестіріп, қадағалап отыратын мықты президент, ол саяси құрылымы мықты коалиция мен ықпалды оппозиция», -деді Янукович.

Украинада 2004 жылы батысшыл президент Виктор Ющенко кезінде конституцияға өзгеріс енгізіліп, президенттің билігі шектелген болатын.

Сейсенбі күні ұлттық телеарнадан сөйлеген сөзінде Янукович өзінің демократияға бастаған қадамдарды қолдайтынын айтып, азаматтық құқықты қорғау үшін президенттің билігін көбірек пайдалануға сөз берді.

Януковичтің оппоненттері оны айыптап, ресейшіл президент өктемшіл билікке құруға бастап отыр деді.
XS
SM
MD
LG