Accessibility links

НАТО: ауғандық шерушілерге ескерту оғы атылды


Сейсенбі күні НАТО әскерилері хабарлағандай, АҚШ күштері жергілікті діни оқытушының қамалуына наразылық танытқан ауғандық шерушілерге ескерту оғын айтты.

Ауғанстанда екі апта бұрын одақтас күштерге қарсы болған шабуылға қатысы бар деген күдікпен НАТО дүйсенбі күні діни оқытушыны қамауға алған. Елдің шығысындағы Парван провинциясында орналасқан Бағрам әуебазасының сыртына жиналған 300-дей шерушіге атылған ескерту оқтан ешкім жараланбады деді НАТО әскерилері.

Бірақ жергілікті полиция өкілі генерал Фақир Ахмад бұл шеруде бір бейбіт тұрғын белгісіз адамның оғынан қаза тапқанын айтып отыр. Оның айтуынша діни дәріс берушінің 50 шақты оқушысы наразылық шарасына шығып, кейін оларға 2 мыңдай ауыл тұрғындары қосылған.
XS
SM
MD
LG