Accessibility links

Швейцария өлім жазасын қайтадан қолдануы мүмкін


Швейцарияда өлім жазасын қолдану үшін дауыс жинап жатыр. Елде баланы зорлау, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу сияқты аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасына кесу ұсынылып отыр.

Қол жинау жөніндегі бастаманы жақындары педофильдер мен зорлықшылардың құрбандары болған жеті адамнан тұратын топ көтерді.

Егер 2012 жылғы ақпанның 24-іне дейін 100 мың дауыс жиналса, елде жалпыхалықтық референдум өткізілуі мүмкін.

Швейцария жазаның бұл түрін 1942 жылы алып тастаған.
XS
SM
MD
LG