Accessibility links

Джимми Картер АҚШ азаматын босатып алу үшін Пхеньянға шықты


Хабарларға қарағанда, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер Солтүстік Кореяда қамауда отырған Америка азаматын босатып алу үшін Құрама Штаттардан ұшып шықты.

Оңтүстік кореялық ақпарат агенттігі АҚШ дипломатының сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, 85 жастағы Джимми Картер әйелі екеуі жеке ұшақтарымен шыққан.

Осының алдында АҚШ-тың аттарын атамаған ресми өкілдері Картердің Солтүстік Кореяда отырған АҚШ азаматы Айджалон Махли Гоместі бостандыққа шығаруға жекелеген қайырымдылық миссиясымен баратынын айтқан.

Гомес сәуір айында Солтүстік Кореяға заңсыз кірді деген айыппен 8 жылға еңбекпен түзеу колониясына жабылған. Солтүстік кореялық ақпарат агенттіктері қамаудағы Айджалон Махли Гомес шарасыздықтан өзін өзі өлтіруге әрекет жасады деп жазған.
XS
SM
MD
LG