Accessibility links

Филиппинде 4 полиция жұмысынан шеттетілді


Филиппин елінде кепілдікке алынып сегіз гонконгтық туристің өліміне әкелген оқиғаға байланысты 4 полиция офицері жұмыстан шеттетілді. Полиция қызметкерлері Манилада жұмыстан шығып қалғанына ашулы полиция қызметкері 25 адамы бар автобусты кепілдікке алған дағдарысты дұрыс шеше алмағандарын мойындаған.

Он сағатқа созылған келіссөздердің соңында полиция кепілге алушыны атып өлтірген болатын. Оның алдында бұрынғы полиция қызметкері автобуста болған сегіз Гонконг азаматын атып тастаған.

Гонконг пен Қытай билігі бұл оқиғаға қатысты полицияны айыптаған. Филлипин елі кепілге алынғандар қазасына байланысты сәрсенбі күні елде аза тұту күнін жариялады.
XS
SM
MD
LG