Accessibility links

Ауғандықтар НАТО базасының алдына жиналды


Ауғанстанның батысындағы НАТО базасы маңына жүздеген ауғандық келіп, испандық жасақтармен қақтығысып қалған ауғандық офицердің атып өлтірілгеніне наразылық танытты. Ашулы халық НАТО қақпасына тас лақтырып, айқайлады.

НАТО бастаған халықаралық күштер елдің батысындағы Бадғис провинциясындағы бұл оқиғаны анықтап жатқандарын айтты.

Дүйсенбі күні АҚШ жасақтарының Бағрам әуебазасына да ашулы халық жиналып, зымыран шабуылына байланысты қамалған діни оқытушының босатылуын талап еткенде, оларға ескерту оғы атылған.
XS
SM
MD
LG