Accessibility links

Қырғызстан: оңтүстіктің студенттері оқу жылын кеш бастайды


Қырғызстан билігі Ош, Жалал-Абад және Баткен облыстарында мектеп оқушылары үшін оқу жылы әдеттегідей - 1-ші қыркүйекте, ал студенттер үшін - 18-ші қазанда басталады, деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі.

Елдің білім министрі Канат Садықовтың сөзінше, мұндай өзгешелік, алдағы парламет сайлауының қарсаңында саяси топтардың
жастарды өз мүдделеріне пайдалануына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр.

Қырғызстанда парламент сайлауы 10-шы қазанда өтеді, ал сайлау алды компания өз жұмысын 10-шы қыркүйекте бастайды.

XS
SM
MD
LG