Accessibility links

Ауғанстанның Кундузында 9 емес, 8 полицей қаза тапты


Азаттық радиосының Ауған редакциясы хабарлағандай, бүгін қарулы тәліптер Ауғанстанның солтүстігіндегі полиция кеңсесіне шабуыл жасады. Шабуыл кезінде ауғандық 8 полицей оққа ұшты.

Тоғыз полицей қаза тапты деген хабар расталмай, ол жарақат алған болып шықты.

Азаттық радиосына Кундуз қаласының әкімі Мохаммад Омар хабарлағандай, полицияның жарақат алған офицері кеңсені басып алуға мүмкіндік бермей, шабуылға тойтарыс берген.

«Талибанның» өкілі Забиулла Мужахид телефон арқылы Азаттық радиосына бұл шабуылды тәліптер өз мойнна алады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG