Accessibility links

Өзбекстанда 700 келі ауған есірткісі жойылды


Бүгін Өзбекстанда тәркіленген барлық ауған героин есірткісінің тең жартысы өртелді. Оның Еуропа көшелеріндегі құны шамамен 150 миллион долларға жететін көрінеді.

Шенеунектердің мәлімдеуінше, 700 келіден астам, оның ішінде 497 келі героин есірткісі дипломаттар мен журналистердің көзінше Ташкент сыртындағы совет дәуірінде салынған металлургия комибатының қорыту пешінде өртелді.

Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілі Олимжон Туракуловтың айтуынша, өртеліп жатқан есірткілер есірткі саудагерлеріне қарсы сот процестерінде айғақ есебінде пайдаланылған көрінеді.

Оның айтуынша, өртенген есірткі заттар 2010 жылдың басынан бері Ауғанстаннан контрабандалық жолмен бері өтіп тәркіленген 2,5 тоннадай есірткінің бір бөлігі ғана.
XS
SM
MD
LG