Accessibility links

Назарбаевқа «Фемида» сыйлығы табыс етілді


Бүгін Астанада Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына арналған конференцияда президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық заңгерлер одағының төрағасы Андрей Требков 2010 жылғы жоғары заңгерлік «Фемида» сыйлығын табыс етті.

Құрамына ТМД-ның он екі елінің заңгерлері және отыз бес қауымдастық кіретін Халықаралық заңгерлер одағының бұл сыйлығы құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам институттарын дамытуға қосқан үлесі үшін көрнекті қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Сыйлық иегерлеріне сот құдайы Фемиданың мүсіні табыс етіледі.
XS
SM
MD
LG