Accessibility links

Минск Бакиевті Бішкекке ұстап бермейді


Беларус Қырғызстанға екінші рет бұрынғы президент Құрманбк Бакиевті ұстап беруден бас тартты. Ол туралы жұма күні Қырғызстанның бас прокуроры Байтемір Ыбыраев хабарлады.

Бірақ Ыбыраев қырғыз прокуратурасы Минскіге тағы да сұрау жолдайтынын, сондай-ақ Қ.Бакиевті жауапқа тартудың «басқа да жолдарын» қарастыратынын мәлімдеді.

Құрманбек Бакиев – сәуір айындағы жаппай халық толқуының нәтижесінде биліктен қуылған болатын.

Қырғызстанның жаңа билігі Қ.Бакиевке ауыр қылмыстар істеді, оның ішінде – 7 сәуірдегі митингіге шыққан халықты атқылауға қатысы бар деп айыптайды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 21.09.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:11 0:00
XS
SM
MD
LG