Accessibility links

Солтүстік Корея: бізге шабуылдаса ядролық соғыс болады


Солтүстік Корея өзіне қарсы қандайда бір шабуыл жасалса, оған ядролық “қасиетті соғыспен” жауап беретінін айтты. Мұндай мәлімдемені жұма күні Солтүстік Кореяның Кубадағы елшісі жасады.

Оның алдында Солтүстік Кореяның ресми өкілдері Пхеньян ядролық қарусыздану жөніндегі алтыжақты келіссөздерге қайтуға дайын деген еді.

Вашингтон мен Сеул Пхеньян ядролық қару жасауын доғарсын деп келгенімен, оқшауланып қалған бұл елге шабуылдайтыны туралы айтпаған.
XS
SM
MD
LG