Accessibility links

Қазақстан 2011 жылы шикі мұнай экспортына баж салығын екі есе өсіреді


Қазақстан келесі жылы мұнай шикізаты экспортына кедендік баж салығын екі есе өсіріп, әр тоннасына 40 долларға дейін жеткізеді. Бұл туралы сейсенбі күні Астанадағы министрлер отырысында Қазақстанның қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

Қазақстан - Орталық Азиядағы мұнай өндіруші ең ірі ел. 2008 жылы ел үкіметі шикі мұнай экспортының салығын өсіріп, ғаламдық дағдарысқа байланысты 2009 жылдың қаңтарында оны нөлге дейін түсірген еді.

Сондай-ақ осы жылдың шілдесінде баж салығы тоннасына 20 доллардан белгілеген болатын.
XS
SM
MD
LG