Accessibility links

Дарфурда ұсталған ресейлік ұшқыштар босатылды


Судандық ақпарат құралдары жазып жатқандай, Дарфурда екі күн бұрын ұрланған ресейлік тікұшақтың үш адамы босатылды. Бұл ақпаратты Хартумдағы Ресей елшілігі растаған.

Судандық Бадр әуежолдарына жұмыс істеп жүрген ресейліктерді жексенбі күні ұрлап әкеткен.

Халықаралық қылмыстық сотының соғыс қылмыстары үшін Судан президенті Омар әл-Башарды қамауға алу өткен жылғы шешімінен бері Дарфурда жұмыс істеп жүрген шетелдік қайырымдылық ұйымдары мен бітімгершілік күштерінің 20 шақты өкілі ұрланды. Олардың көбісі құн төленіп, босатылған.
XS
SM
MD
LG