Таяу Шығысқа байланысты бейбіт келісім жасар кезде жағдай тағы шиеленісті. 31 тамыз күні палестиналық «Хамас» қозғалысының өкілдері Иордан өзенінің Батыс жағалауында израильдық төрт азаматты өлтіріп кетті. Мерт болғандардың бірі - аяғы ауыр әйел.
Израиль басшысы Биньямин Нетаньяху мен Палестина жетекшісі Махмуд Аббас АҚШ президенті Барак Обама қатысатын үштарапты кездесуде бас қосу үшін Вашингтонға келді. Кездесу бүгін өтуі керек.
Израиль мен Палестина басшылары, Барак Обамамен жолыққан соң, 2 қыркүйекте екіжақты кездесу өткізеді. Биньямин Нетаньяху Хербон маңындағы Кирят Арба израиль қонысына жасалған шабуылдан соң Тель-Авивтің Палестинамен арадағы Израиль қауіпсіздігі жайлы келіссөзі ымыраға келмейтінін айтты.