Accessibility links

Беларусияда протестант шіркеуінің есепшоты тұтқындалды


Беларус билігінің қырына іліккен протестант шіркеуінің есепшоты тұтқындалды деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттық радиосының Белорус редакциясы. «Новая жизнь» шіркеуінің адвокаты Сергей Луканин есепшоттың 31 тамызда, Минск экономикалық сотының 14 тамыз күнгі шіркеуге айып төлету туралы бұйрығынан кейін тұтқындалғанын айтады.

«Новая жизнь» шіркеуі табиғатты мұнай қалдықтарымен ластағаны үшін 82 мың доллар айып төлеуі тиіс еді. Сергей Луканин шіркеудің есепшотында 315 мыңдай доллар болғанын, ол ақшаның бәрі айыппұл ретінде белорустың «Белинвестбанк» банкінің есепшотына аударылғанын мәлімдеді.

Минск әкімшілігі 2005 жылдан бері «Новая жизнь» шіркеуінің ғимаратын алмақ болып жүрген. Шіркеуге келушілер сол ғимарат үшін бірнеше рет қарсылық шараларын ұйымдастырып, аштық жариялаған. Азат Еуропа/Азаттық радиосының хабарлауынша, жұрт «билік енді шіркеуге қысым көрсету үшін экономикалық амалға көшті» дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG