Accessibility links

Қырғызстан ЕҚЫҰ полиция күштеріне қатысты әлі жауап бермеді


Қырғызстан елдің оңтүстігіндегі этникалық қақтығыстан кейін аймаққа халықаралық полиция күштерін орналастыруға қатысты келіссөздерді әлі аяқтаған жоқ.

Қырғызстан мен ЕҚЫҰ маусым айында жүздеген адамның өліміне әкелген этникалық қырғыз-өзбек қақтығысынан кейін бұл аймаққа қарусыз 52 полиция жасағын енгізуге келіскен. Бірақ президент Отунбаеваның кеңсесі әзірге ол меморандумға қол қойылған жоқ, келіссөздер жалғасып жатыр деді.

ЕҚЫҰ-ның өкілі Вирджиния Кулудон Азаттық радиосына тамыздың соңында болады деп күтілген полиция күштерін орнату миссиясы кешігіп жатыр деді:

"Кешігіп жатыр. Бірақ ЕҚЫҰ кеңес беруші полиция жасағын орналастыруға дайын. Олар Венада жаттықтырудан өтті. Біз Қырғыз билігімен жағдайды талқылап жатырмыз. Біз Бішкектен хабар күтіп отырмыз деді".

Қырғызстандағы этникалық қырғыздар мен өзбектер арасында халықаралық полиция күштерін аймаққа орналастыруға қарсылықтар өсіп отыр.
XS
SM
MD
LG