Accessibility links

Қазгидромет: Қазақстанның бірқатар аймақтарында күшті жел тұрады


Қазгидрометтің болжауынша бүгін, Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлері атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады. Ал республиканың қалған аумақтарына антицклон тарамдары әсер етеді деп болжануда.

Мәселен, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін көтеріліп, жел тұрады. Ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-23 метрді құрайтын болады.

Сонымен бірге, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының жекелеген өңірлерінде - қатты ыстық болады деп күтілуде. Ал республиканың батысында, оңтүстігі мен орталығында жоғары дәрежеде өрт қаупі сақталады.
XS
SM
MD
LG