Accessibility links

Шығыс Қазақстан тұрғындары Кәрім Мәсімовке үндеу жолдады


Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Қалжыр және Боран ауылдық округтарының тұрғындары премьер-министр Кәрім Мәсімовқа өтініш білдіріп, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран трассасы өтетін өз ауылдарын зерттеу туралы үндеу жолдады.

Қалжыр және Боран ауылдары тұрғындарының айтуынша, олар көктемде 100 адам қол қойған хатты Астанаға жіберіпті. Онда ауылдарына «Протон» зымыран тасымалдағышының қалдықтары құлағаны, сол кезде тұрғындардың бастарын ауырып, қан қысымдары көтеріліп, созылмалы аурулардың қозатыны айтылған.

Ауыл тұрғындары оған қоса зымыран отындарының қалдықтары мен зымыран бөлшектері ауылдан алысқа құлауы үшін зымыранның ұшырылу трассасын өзгерту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Хруничев атындағы ғарыштық-ғылыми өндірістік орталықтың мәліметінше, 2009 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыран тасымалдағышы 12 рет ұшыпты. Ал 2010-2011 жылдары 25 ұшу сапары жоспарланған.
XS
SM
MD
LG