Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің «Бейбіт миссия - 2010» біріккен антитеррорлық жаттығуы Қазақстан аумағында өтеді. Оған қатысатын қытай армиясы құрлық әскерлерінің бірінші тобы Мәтібұлақ полигонына аттанды деп хабарлады бүгін Синьхуа ақпарат агенттігі. Алғашқы топ жаттығу өтетін жерге 7 қыркүйекте жетуі керек.
«Бейбіт миссия - 2010» біріккен антитеррорлық жаттығуы 9-25 қыркүйек аралығында Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ полигонында өтеді. Бұл - Шанхай ынтымақтастық ұйымының осы бағыттағы жетінші шарасы.
Жаттығу барысында терроризмге қарсы операциялар пысықталады. Бұған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның бес мыңдай жауынгері қатысады.