«Қазпоштаның» қаржысын жымқырған деген айыппен сотталған, компанияның Ақмола облыстық бөлімшесінің бұрынғы қызметкерлері аштық жариялады. Бұл туралы Новости-Казахстан агенттігіне адвокат Нұрлан Есламғалиев хабарлаған.
Атбасар аудандық соты тамыздың 31 күні, «Қазпошта» бөлімшесінен 200 миллионнан аса қаржы жымқырды деп танылған бір топ азаматқа шешім шығарды. Басты айыпталуышы - «Қазпоштаның» Атбасар аудандық бөлімшесінің бұрынғы басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы алты адамға 6 жыл түрмеде отыру жазасы белгіленді.