Бүгін таңертең Тәжікстанның Худжант қаласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің аймақтық басқармасының кеңсесінде жарылыс болды. 20 адам ауыр жараланды. Қаза болғандар да бар деген хабар жетті. Олардың саны анықталып жатыр.
Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, жарылысты жанпидашыл қаскүнем іске асырды. Ол отырған жеңіл автокөлік басқарма кеңсесіне соғылып жарылды. Кеңсеге айтарлықтай нұқсан келтірілді. Жарылыстан өрт шығып, оны әлі сөндіру үстінде.
Худжант – Душанбеден 350 шақырым қашықтықта орналасқан Тәжікстанның екінші ірі қаласы.