Accessibility links

Токио Теһранға қарсы өз санкцияларын қабылдады


Жапонияның министрлер кабинеті жұма күні Иранға қарсы санкциялардың өзіндік жиынтығын мақұлдады.

France Presse агенттігі хабарлағандай, бұл санкциялар қаржы операцияларын мұқият қадағалау және Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты банк есептерін жабу шараларын қарастырады. Жаңа санкциялар жүзден аса топ пен жекелеген кісілерді қамтиды.

Осыдан бір ай бұрын Күншығыс елі Иранның халықаралық қауымдастықпен өзінің ядролық бағдарламасы бойынша уәжге келмегені үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған Қарарды мақұлдаған болатын.
XS
SM
MD
LG