Accessibility links

Иран президенті Палестина басшылығын өткір сынады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Израиль мен Палестина басшыларының Вашингтонда қайта жалғасқан тікелей бейбіт келіссөзі сәтсіз болады деп мәлімдеді.

Израильге қарсы «Иерусалим күні» өткізілген наразылық митингісінде сөйлеген сөзінде Иран президенті Израильмен келіссөзге отырған Палестина басшылығын өткір сынға алып, Таяу Шығыс халықтары «сионистік режимді әлемдік сахнадан құртуға дайын» деп мәлңімдеді.

М.Ахмадинеджад осыған дейін де Израильге қырғиқабақ көрсетіп талай сөйлеген болатын.

Өткен бейсенбі күні Вашингтонда жүздескен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Палестина автономиясының төрағасы Махмуд Аббас 14-15 қыркүйекте Таяу Шығыста қайта кездесуге уағдаласты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG