Accessibility links

Пентагон басшысы Ауғанстанда сапарда жүр


АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс тәліптерге қарсы Пәкістан территориясындағы соғыс қимылдарына АҚШ әскерінің тікелей қатысуы екіталай деп мәлімдеді.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагарда орналасқан АҚШ соғыс базасында жауынгерлердің бірі қойған сауалға жауап бере келіп, Р.Гейтс экстремистердің Ауғанстан шекарасына жақын Пәкістан аудандарын паналауын «үлкен проблема» деп сипаттап, Пәкістанның үкімет армиясының оларға қарсы соғыс операциясы сәтті болады деген үмітін білдірді.

Р.Гейтс Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің қатары 30 мың жауынгермен күшейтілгеннен бері осы елге алғаш рет аяқ басып отыр. Кабулда ол ауған президенті Хамид Карзаймен кездесті.
XS
SM
MD
LG